FIFA Series 2026 турнирі ресми түрде басталды

FIFA Series 2026 турнирі ресми түрде басталды

Халықаралық футбол федерациясы FIFA Series 2026 турнирінің басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында турнир топтары таныстырылды. Бұл жарыста ерлер және әйелдер құрамалары әртүрлі елдерде жолдастық матчтар сериясын өткізеді. Қазақстан мен Өзбекстан да турнирді қабылдаушы елдердің қатарында.

FIFA Series — әртүрлі конфедерация құрамалары сирек кездесетін жағдайларды ескеріп, ұйымдастырылған арнайы жоба. Оның аясында командалар шағын турнир форматында ойнайды.

Биыл Қазақстанда Намибия мен Комор аралдары құрамалары өнер көрсетеді. Кувейт құрамасы жарыстан бас тартқан. Бүгін Қазақстан құрамасы Намибиямен кездессе, 31 наурыз күні Комор аралдарына қарсы ойнайды. Матчтар «Астана Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирді қабылдайтын алғашқы сегіз елдің қатарына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или