Колодко Махачев пен Царукян реваншын қолдады

Колодко Махачев пен Царукян реваншын қолдады

Беларусьтік жартылай орта салмақтағы файтер Руслан Колодко Ислам Махачев пен Арман Царукян арасындағы реванш жекпе-жегі қызықты қарсыласу болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның пікірінше, бұл айқас жанкүйерлер үшін тартымды болар еді, алайда нақты шешім UFC басшылығына байланысты.

«Махачев пен Царукян арасындағы қарсыласу өте жақсы болар еді. Бірақ UFC қандай жоспар құрғанын тек өздері біледі. Бұл жекпе-жек қызықты өтеді деп ойлаймын. Ал Илия Топурияға келсек, көп адам оған сенбейді. Әрине, ол қарсылық көрсетеді, бірақ көпшілік жеңісті Махачевке береді», — деді Колодко.

Еске салсақ, 2019 жылы өткен UFC Fight Night 149 турнирінде Махачев Царукянды төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

Қазіргі таңда 33 жастағы Ислам Махачевтің еншісінде 28 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ал 29 жастағы Арман Царукян 22 жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или