Джейк Пол: Нганну — әлсіз боксшы, оны нокаутқа түсіремін
Америкалық блогер әрі боксшы Джейк Пол Фрэнсис Нганнумен мүмкін болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Полдың айтуынша, ол бұл айқаста өзін айқын фаворит санайды және қарсыласын әлсіз боксшы деп бағалайды.
«Мен үшін бұл жеңіл жекпе-жек болады. Ол өте әлсіз боксшы. Қаласам, ауыр салмаққа қайта оралып, оны нокаутқа түсіремін. Джошуа сияқты оны ес-түссіз қалдырғым келеді», — деді Джейк Пол.
Айта кетейік, Фрэнсис Нганну бұған дейін бокста екі жекпе-жек өткізген. Ол Энтони Джошуаға нокаутпен, ал Тайсон Фьюриге төрешілердің шешімімен жеңілген.
17 мамыр күні Нганну Most Valuable Promotions турнирі аясында Филипе Линспен кездеседі. Оның ММА-дегі рекорды — 18 жеңіс және үш жеңіліс.
Ал Линс соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың наурызында өткізіп, Ион Куцелабаны төрешілер шешімімен жеңген. Оның еншісінде 18 жеңіс және бес жеңіліс бар.