Хусанов Англия лигасы кубогын жеңген алғашқы өзбек ойыншысы атанды
«Манчестер Сити» қорғаушысы және Өзбекстан құрамасының ойыншысы Абдукодир Хусанов Англия лигасы кубогын жеңген алғашқы өзбек футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық матч «Уэмбли» стадионында өтіп, «Манчестер Сити» «Арсеналды» 2:0 есебімен жеңді. Екі голды да екінші таймда Нико О’Райли соқты — ол 60 және 64-минуттарда дубль жасады. Хусанов негізгі құрамда шығып, 90 минут толық алаңда болды.
Бұл жүлде Хусанов үшін «Манчестер Сити» сапындағы алғашқы трофей болды.
Ал клуб үшін бұл Англия лигасы кубогындағы тоғызыншы жеңіс. «Ливерпульдің» рекордына (10) жету үшін «қалалықтарға» тағы бір трофей қажет.
Айта кетейік, «Арсенал» бұл турнирдің финалында жетінші рет жеңіліп, антирекорд орнатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или