Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирден шығып қалды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Морелияда өткен «челленджер» турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ATP рейтингінде 302-орында тұрған Жұқаев бұл кездесуде фаворит саналған. Оның қарсыласы негізгі кезеңге іріктеу арқылы өткен болатын.
Матч 1 сағат 15 минутқа созылып, америкалық теннисшінің 6:1, 7:6 есебімен жеңісімен аяқталды.
Кездесу барысында Жұқаев сегіз эйс жасап, бір қос қателік жіберді. Ал қарсыласы төрт эйс орындап, жеті қос қателікке жол берді.
Осылайша қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдегі өнерін бірінші айналымда аяқтады.
Қазақстандық теннисші Италиядағы жарысқа қатысты
Янник Синнер – Алекс Михельсен кездесуінің тікелей трансляциясы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или