Салах жанкүйерлерге қоштасу хатын жолдады

Салах жанкүйерлерге қоштасу хатын жолдады

«Ливерпульдің» көшбасшыларының бірі Мохамед Салах маусым соңында клубтан кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мысырлық шабуылшы әлеуметтік желіде жанкүйерлерге арнап эмоциялық үндеу жолдап, бұл шешімнің оңай болмағанын айтты. Оның сөзінше, клубтағы жылдары өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі болған.

Салах 2017 жылдан бері «Ливерпуль» сапында ойнады. Осы уақыт ішінде ол 435 матч өткізіп, 255 гол соғып, 122 нәтижелі пас берген.

33 жастағы футболшы клуб тарихында гол және ассист саны бойынша үшінші орында тұр.

Ол «Ливерпуль» құрамында Чемпиондар лигасын, клубтық әлем чемпионатын жеңіп алып, екі рет Англия чемпионы атанды. Сонымен қатар УЕФА Суперкубогын, Англия кубогын, Суперкубокты және екі мәрте Англия лигасы кубогын иеленді.

Айта кетейік, Салах 2025 жылдың сәуір айында клубпен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан еді.

Өзбекстан Орта Азиядағы ең үлкен стадионды салып жатыр. Фото

Антуан Гризманн америкалық клубқа ауысатын болды

Гвардиола Лига кубогы финалындағы жеңіс туралы айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или