Намибия бапкері: Көпшілік үшін аса толқытатын сәт
25 наурызда Қазақстан мен Намибия FIFA Series 2026 турнирі аясында кездеседі. Африка құрлығының өкілдері Астанада өтетін жолдастық кездесудің маңыздылығын жасырмайды. деп жазады Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Намибия құрамасының бас бапкері Коллин Бенжамин шәкірттерінің көпшілігі үшін Қазақстанмен болатын матч Африкадан тысқары өтетін алғашқы ойын екенін ерекше атап өтті:
«Футболшылар алаңға шығып, осы маңызды ойындарда өздерін көрсетуді қатты қалайды. Бұл олардың көбісі үшін аса толқытатын уақыт, өйткені бұған дейін олар Африкадан тыс жерде болмаған. Енді олар аса маңызды турнирде бағын сынай алады, мұның бәрі FIFA-ның арқасында мүмкін болды», — деді Бенжамин.
Әдиев «Ақтөбемен» келіссөзді растады
Талғат Байсуфинов Намибия мен Комор аралдары туралы пікір білдірді