Қазақстан – Венгрия арасындағы матч Түркістанда өтпейтін болды
Қазақстан мен Венгрия құрамалары арасындағы жолдастық матч сырт алаңда өтетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан футбол федерациясы мен Венгрия футбол федерациясының келісімімен ұлттық құрамалар арасында маусымға жоспарланған жолдастық матч Түркістан қаласынан Дебрецен қаласына ауыстырылды.
Ойын 9 маусымда «Надьердеи» стадионында өтеді.
Осылайша, маусымдағы халықаралық үзілісте Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі матч өткізеді: 6 маусымда Ереван қаласында Армения құрамасына қарсы және 9 маусымда Дебрецен қаласында Венгрия құрамасына қарсы.
FIFA Қазақстан құрамасының тобына өзгерту енгізді
Қазақстанның FIFA Series 2026 турниріне арналған нақты құрамы жарияланды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или