Талғат Байсуфинов Намибия мен Комор аралдары туралы пікір білдірді
Футболдан Қазақстан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов FIFA Series турнирі алдында қарсылас командалар туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алдағы ойынды асыға күтеміз. Өзге құрлықтың командаларымен кездесу барлығымызға қызық. Иә, Намибия мен Комор аралдарының кей футболшылары ел чемпионатында доп тебеді. Олардың физикалық жағдайы, ойнау стилін білеміз. Бірақ олардың командалық стилінен бейхабармыз. Қарсыластар жайлы нақты білмейміз», - деді Талғат Байсуфинов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 25 наурыз күні Намибиямен және 31 наурыз күні Комор аралдарымен жолығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или