Қазақстан U-18 құрамасы Грузиямен жолдастық матчтар өткізеді
26-30 наурыз күндері 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жиын аясында команда Грузияның жасөспірімдер құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 28 және 30 наурыз күндеріне жоспарланған.
U-18 құрамасының аға бапкері Тимур Қасымов оқу-жаттығу жиынына 25 футболшы шақырды.
Қақпашылар: Әліхан Темерхан («Елімай»), Мадияр Төлеубек («Ертіс»), Махмұджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»).
Қорғаушылар: Нұрболат Санат, Дарын Қожахмет (екеуі де – «Қайрат»), Айдын Есболов («Ордабасы»), Рамзес Рашидов, Сұлтан Әбдіманап (екеуі де – «Жас Қыран»), Сұлтанбек Бақытбеков («Ақтөбе»), Хасен Артурұлы («Тараз»).
Жартылай қорғаушылар: Төре Исмағұлов, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (бәрі – «Қайрат»), Руслан Валихан («Астана»), Илья Гезик, Нұрхан Қағазбаев, Даниал Назаров (бәрі – «Шахтер»), Нұрдәулет Төреғали, Азамат Мұсаев (екеуі де – «Ақтөбе»), Руслан Рахметов («Ертіс»).
Шабуылшылар: Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Әли Әлихан («Оңтүстік»), Дінмұхаммад Махмұдов («Ордабасы»), Ален Пак («Шахтер»), Ермұхаммад Керімхан («Қайрат»).
Бапкерлер штабы: Тимур Қасымов – аға бапкер, Рустам Фардиев – аға бапкердің көмекшісі, Олжас Тұртулов – қақпашылар бапкері, Рамиль Акбаров – дене даярлығы бапкері, Илья Блинов – бейнесарапшы, Елдар Исаев – дәрігер, Сергей Бурлуцкий – массажист, Олжас Еркінов – менеджер, Жанболат Тыныбек – әкімші.
Айта кетейік, 2026/27 жылғы U-19 жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы ойындарын Грекияда өткізеді.
Елдос Ахметов FIFA Series-2026 турнирі туралы пікірі білдірді