Қазақстан мен Әзербайжан екі жолдастық матч өткізеді

Қазақстан мен Әзербайжан екі жолдастық матч өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтар Ақтау қаласында 13 және 15 сәуір күндері өтеді. Ойындар BS Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке бразилиялық маман Пауло Рикардо Камара Собрал, яғни Какау келді. Ол бұған дейін 2013–2018 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Оның жетекшілігімен отандық команда 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Қазақстан құрамасы UEFA рейтингінде жоғары көтерілді

Ресми: Какау – футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или