«Qazaqstan Barysy-2026» Семейде өтетін болды
«Qazaqstan Barysy-2026» турнирі Семей қаласында өтетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Абай облысында өткен ABAI OPEN республикалық дзюдо турнирінің ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли осындай мәлімдеме жасады.
«Биыл біз қараша немесе қазан айында "Қазақстан барысы – 2026" турнирін Семей қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Берік Уәли.
Былтыр Астанада өткен басты додаға 43 балуан қатысқан болатын. Финалдық кездесуде Марат Байқамұров 2024 жылғы чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңіп, турнирдің жаңа чемпионы атанды. Ал қола жүлде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Нұрдәулет Жарлығаповқа бұйырды.
Айта кетейік, өткен жылы жарыстың жүлде қоры 27 миллион теңгені құрады.
Қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді
Қазақ күресінен алғаш рет Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан дзюдошылары жеті медаль еншіледі