Елдос Ахметов: Ұлттық құрама ойындары әрқашан ерекше өтеді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Астанада өтетін FIFA Series-2026 турниріне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ұлттық құрама ойыны әрқашан ерекше өтетіні белгілі. Бірақ, бұл жолы тіпті ерек болады деп отырмыз. Себебі, қарсыласымыз Намибия ұлттық құрамасы. Африкалық командалармен көп ойнамағандықтан, олардан не күтеріңді білмейсің. Сондықтан бапкерлік штаб қазір қатты жұмысқа кірісті. Қарсыласты зерттеу, ойыншыларымызды дайындау, тактиканы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Намибиямен ойнаған соң, екінші қарсыласымыз Камор аралдары болады. Осы екі ойын біздің жігіттерге де үлкен сын болғалы тұр. Жүргізген жұмысымыз жасыл алаңда жемісін береді деп күтеміз», - деп жазды ол.
Отандастарымыз халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ұлттық құрамаларға арналған жаңа форматтағы FIFA Series турнирінің Астанада өтетін ойындарында бақ сынайды.
Алғашқыда оған Қазақстан, Намибия, Комор аралдары және Кувейт қатысады деп жоспарланған еді. Енді Кувейттің бас тартуына байланысты ойындарды айналмалы жүйе бойынша өткізуге шешім қабылданды.
Алдымен қазақстандық футболшылар 25 наурызда Намибиямен шеберлік байқасса, 31 наурызда Комор аралдарымен жасыл алаңға шығады.
Қазақстан - Намибия матчының медиа-жоспары
FIFA Қазақстан құрамасының тобына өзгерту енгізді
Қазақстанның FIFA Series 2026 турниріне арналған нақты құрамы жарияланды