«Барыс» бас бапкерінің болашағы туралы шешім қабылданды
Михаил Кравец алдағы маусымда да «Барыс» бас бапкері қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде «Штаб Хоккеиста» телеграм-арнасы жазды. Ақпарат көзіне сенсек, ресейлік маман астаналық клубпен келісімді тағы бір маусымға ұзартады.
62 жастағы маман өткен жылдың жазында қазақстандық команда тізгінін қолға алды. Оның басшылығымен елордалық ұжым ҚХЛ тұрақты чемпионатының 68 матчында 54 ұпай жинады, Шығыс конференциясының турнир кестесінде оныншы орынға ие болды және плей-оффқа қатыса алмады.
Бұған дейін бапкер Бейжіңдегі «Кунлун Ред Стар», ресейлік «Авангард», «Амур» және «Витязь» командаларында қызмет атқарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или