Әбиба Әбужақынова тұрмыс құруға келісім берді
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова тұрмысқа шығатынын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрымды балуан өзінің Instagram парақшасында кешкі сәнді көйлегіндегі суретін жариялап, неке жүзігін көрсетті. Сондай-ақ, кадрдың бірінде қолына ұстап тұрған үлкен қызыл раушан гүл шоғы бар костюм киген адамды көруге болады. Алайда, Әбиба әзірге болашақ жұбайының бетін көрсетпеуге шешім қабылдады.
«Мен иә дедім!» - деп жазды дзюдошы.
Әбиба Әбужақынова - дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. 2026 жылғы наурыздағы жағдай бойынша IJF әлемдік рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алады. Оның 2025 жылы әлем чемпионатында күміс алса, әлем чемпионаттарының екі қола медалі (Ташкент-2022 және Абу-Даби-2024) бар. Ол сондай-ақ Азия чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.
Қазақстан құрамасы Грузиядағы «Үлкен дулыға» турнирін аяқтады