Корешков командасы матчты құтқарып, овертаймда жеңілді
Континенталды хоккей лигасының плей-офф кезеңінде «Трактор» мен «Ак Барс» арасындағы алғашқы ойын тартысты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақ бапкері Евгений Корешков жаттықтыратын команда матчты жеңіліс табалдырығынан құтқарып, негізгі уақытта есепті теңестіре алды.
Ойын соңына 20 секунд қалғанда Виталий Кравцов есепті 2:2-ге жеткізіп, кездесуді овертаймға созды. Бұл сәт командаға үлкен үміт сыйлағанымен, қосымша уақытта басымдық қарсылас жағында қалды.
Айта кетелік, нәтижесінде «Ак Барс» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, серияда алға шықты. Ал Корешков командасы драмалық матчта жеңісті қолдан шығарып алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или