Иан Гэрри Ислам Махачевтің жарақатына күмән келтірді
UFC жұлдызы Иан Гэрри жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевтің жарақатына күмән келтірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ирландиялық файтер ресейлік спортшының мәлімделген қол жарақаты шындыққа жанаспайтынын меңзеді.
Бұл күдікке Махачевтің жаттығуынан тараған видео себеп болды. Онда чемпион екі қолымен де еркін соққы жасап жатқаны көрінеді.
«Бұл не деген сұмдық? Қол жарақаты ма, әлде уақытты бос өткізу ме?» деп жазды Гэрри әлеужеліде.
Айта кетелік, бұған дейін UFC президенті Дана Уайт оның жарақатын растаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или