Усик сыншыларға қатаң жауап берді: «Дайындығым бұрынғыдан да күштірек»
Ауыр салмақтағы жеңіліс таппаған чемпион Александр Усик алдағы жекпе-жекке салғырт дайындалып жатыр деген әңгімелерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшы сөзінше, жаттығуында ешнәрсені жеңілдетпеген, керісінше өзіне онан әрі жүктеме артқан.
«Мен әрдайым өзіммен күресемін, ең қиын қарсылас тек қана өзім! Бұрын 10 км жүгірсек, қазір 11 км жүгіріп жүрміз. Дайындық толық қарқынмен жалғысып келеді» деді ол.
Айта кетелік, Усик 23 мамыр күні нидерландылық Рико Верхувенмен жекпе-жек өткізеді. Айқас Мысырдағы Гиза пирамидалары аясында ұйымдастырылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или