Уайт кроссовер жекпе-жектерді «бос шоу» деп атады

Уайт кроссовер жекпе-жектерді «бос шоу» деп атады

Дана Уайт UFC мен бокс өкілдері арасындағы кроссовер жекпе-жектер өткізу идеясына үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның сөзіне сүйенсек, мұндай айқастар ұйымның негізгі бағытына кірмейді.

Ол кроссовер кездесулерді мағынасыз шоуға теңеп, жанкүйерлерге шынайы бәсекені ұсыну маңызды екенін атап өтті. Уайттың пікірінше, ең үздік файтерлер тек өзара күш сынасуы тиіс.

«Ешқашан! Кроссовер жекпе-жектер болмайтын дүние. Біз айналысатын іс емес. Мен әлемдегі ең үздік файтерлердің бір-бірімен жекпе-жекке шыққанын көргім келеді. Мұнымен басқа адамдар айналысып жатыр. Тек мен емес! Қаржылық тұрғыдан тиімді болған соң бір рет осындай нәрсеге қатысқанмын.  Бірақ адамдарды қанша рет алдауға болады?» деді ол.

Айта кетелік, UFC басшысы әр сенбі сайын көрермендерге сапалы жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысатынын айтты. Оның ойынша, дәл осындай формат қана жанкүйерлерге нағыз эмоция сыйлай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или