«Құлагер» сериядағы жеңісін сақтап қалды

«Құлагер» сериядағы жеңісін сақтап қалды

Петропавлдық «Құлагер» Pro Hokei Ligasy плей-оффының жартылай финалындағы төртінші матчта «Номадты» овертаймда жеңіп, сериядағы алғашқы табысына қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу өте тартысты өтті. Негізгі уақытта командалар бір-бір шайбадан алмасты. Ал шешуші сәт екінші овертаймда туындап, Дмитрий Исмагилов жеңіс голын соғып, алаң иелеріне қуаныш сыйлады.

Айта кетелік, жалпы сериядағы есеп әлі де «Номадтың» пайдасында.( 3:1) Енді келесі матч Астанада өтеді, онда «Құлагер» камбэк жасап, серияны одан әрі созуға тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или