Словакиялық бапкер Ақтөбеге» келуден бас тартты

Словакиялық бапкер Ақтөбеге» келуден бас тартты

Словакиялық «Слованның» бас бапкері Владимир Вайсс Қазақстан чемпионатына оралуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның қызметіне биылғы жылдың қысынан бері «Ақтөбе» қызығушылық танытып, тәжірибелі маманмен бірнеше рет байланысқа шыққан болатын.

«Ақтөбеде» бас бапкердің ауысуы мүмкін екендігі туралы әңгімелер «Қайрат» (0:1) пен «Елімайдан» (1:4) қатарынан екі рет жеңілгеннен кейін қайта шықты. Жақын арада болгариялық маман Николай Костов ресми түрде қызметінен босатылады деп күтілуде.

Вайссқа келетін болсақ, «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Таяу Шығыста бапкерлік мансабын жалғастыру нұсқаларынан да бас тартқан, онда оған «Ақтөбедегіден» бірнеше есе жоғары жағдай ұсынылған еді. Вайсс биылғы маусымды «Слованда» аяқтап, содан кейін ғана келесі шешімін қабылдауды жоспарлап отыр.

ҚПЛ-дың үш турында «Ақтөбе» алғашқы ойында «Тобылды» (4:1) жеңгенімен, әзірге еншісіне небәрі үш ұпай ғана жазды.

«Ақтөбе» Николай Костовпен қоштасуы мүмкін

Қазақстанның FIFA Series 2026 турниріне арналған нақты құрамы жарияланды

ҚПЛ: Үшінші тур матчтарына жиналған көрермендер саны жарияланды

FIFA Қазақстан құрамасының тобына өзгерту енгізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или