FIFA Series турнирі: Намибия құрамасының құрамы жарияланды
Футболдан Намибия құрамасы Астанада өтетін FIFA Series-2026 турниріне қатысу үшін құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыласымыз - Намибия футбол қауымдастығы 1990 жылы ел тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды. 1992 жылы ұйым FIFA құрамына кірді және CAF қатарына қосылды.
Бүгінде Намибия құрамасы ұлттық құрамалар арасындағы FIFA рейтингінде 118-орында тұр.
Намибия құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Камаиджанда Ндисиро («Хайбери», ОАР), Джонас Матеус («Онгос»), Мервин Касетура («Африкан Старз»);
Қорғаушылар: Чарльз Хамбира («Африкан Старз»), Райан Ханамуб («Амазулу», ОАР), Нгеро Катуа («Хайбери», ОАР), Паулус Амутенья («УНАМ»), Окери Нгуарамбука («Африкан Старз»), Тухафени Дэвид («Блю Уотерс»), Дикон Какуендже («Янг Африкан»), Серхио Дамасеб («Ганнерс»);
Жартылай қорғаушылар: Апросиус Петрус («Аль-Хиляль», Судан), Танджени Иямбо («УНАМ»), Дуэйн Кинда («Онгос»), Тжипе Карууомбе («Гонио», Грузия), Ромео Касуме («Лириа», Косово), Барнанд Хорасеб («Майти Ганнерс»), Вендел Рудат («Африкан Старз»), Бен Намиб («Хомас Нампол»), Уетууру Камбато («Лириа», Косово), Мбаконджа Тджахикика («Платинум», Зимбабве);
Шабуылшылар: Бетуэль Музеу («Блэк Леопардс», ОАР), Ханс Муйека («Майти Ганнерс»).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 25 наурызда Намибиямен шеберлік байқасса, 31 наурызда Комор аралдарымен кездеседі.
Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға көмектесе алмайды
FIFA Қазақстан құрамасының тобына өзгерту енгізді
Қазақстан құрамасының нақты құрамы жарияланды