ҚХЛ: «Барыс» көрермен бойынша рекорд орнатты

ҚХЛ: «Барыс» көрермен бойынша рекорд орнатты

2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасы маусымында астаналық «Барыс» клубы өз тарихындағы және қазақстандық хоккейдегі ең жоғары орташа көрермен көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым барысында «Барыс» матчтарына орта есеппен 7447 жанкүйер келген. Бұл — клуб тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Өткен маусыммен салыстырғанда көрермен санының өсімі бойынша (2561 адам) «Барыс» ҚХЛ-дың үздік үш клубының қатарына кірді. Бұл көрсеткіште тек «Куньлунь Ред Стар» (5311) мен «Автомобилист» (3486) алда тұр.

Жалпы лига бойынша да жаңа рекорд тіркелді: орташа келушілер саны 7853 көрерменді құрады. Ал 2025/26 маусымындағы 748 матчты жалпы саны 5 874 018 жанкүйер тамашалаған.

Айта кетейік, тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс конференциясында 68 матчта 54 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтады.

«Барыс» маусымды соңғы орынмен аяқтады

«Барыс» маусымдағы соңғы ойында жеңіліп қалды

Шавернев: «Сібір» жеңіске жетеді, олар бірігіп әрекет етеді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или