Майами турнирі: Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орында) АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі екінші кездесуін украиналық Марта Костюкті (28-орында) сенімді жеңіп, 1/8 финалға жолдама алған еді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Енді қазақстандық теннисші 1/8 финалында австралиялық Талия Гибсонмен кездеседі. Гибсон турнир барысында екі бірдей сенсация жасап үлгерді: алдымен жапониялық Наоми Осаканы, кейін америкалық Ива Йовичті жарыс жолынан шығарды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина алғашқы айналымда Юлия Путинцеваны, кейін үшінші кезеңде Марта Костюкті жеңген болатын.
Биылғы Майами турнирінің жүлде қоры 9 415 725 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 АҚШ доллары және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.
Елена Рыбакина Майами турнирінің 1/8 финалына сенімді өтті
Қазақстандық теннисші АҚШ-та үлкен сенсация жасады
Қазақстандық теннисшілер арасындағы дербиде Рыбакина жеңіске жетті