«Алғашқы 15 минутта тыныстай алмадық». Гвардиола – Лига кубогы финалындағы жеңіс туралы

«Алғашқы 15 минутта тыныстай алмадық». Гвардиола – Лига кубогы финалындағы жеңіс туралы

«Манчестер Сити» Хосеп Гвардиола басшылығымен тағы бір трофейді иеленді – команда Лига кубогының финалында «Арсеналды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Ойыннан кейін «қалалықтардың» бас бапкері бұл жеңістің маңызын атап өтіп, шәкірті Микель Артета жаттықтыратын қарсылас командаға лайықты баға берді.

«Бұл жеңістің мәні ерекше. Трофейлерді жеңіп алу – әрдайым оңай емес. Біз керемет жеңіске жеттік, және Лига кубогы Премьер-лига немесе Чемпиондар лигасы болмаса да, дәл осы ұжымға қарсы жетістік бұл оқиғаны айрықша етеді.

Микель Артета құрған команда – оны жеңу мүмкін емес дерлік... "Арсенал" – Еуропадағы үздік командалардың бірі, "Барселона" мен "Баварияны" қоса алғанда.

Алғашқы 15 минутта олар бізді қысып тастады, тыныстай алмадық. Содан кейін ғана өз ойынымызды көрсеттік. Мұндай қарсыласты жеңу – бұл титулды ерекше етеді», – деді Пеп матчтан соң.


Месси даңқты Пелені басып озды

Мадридтік дербиде бес гол соғылд(видео)

FIFA Series-2026: Намибия құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или