ҚПЛ: Сегіз матчқа 36 мың жанкүйер ғана келген
2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сегіз ойынға жалпы саны 36 512 көрермен жиналған. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен «Ордабасы» — «Қайсар» матчына (2-0) 16 692 адам келген. «Алтай» — «Каспий» матчын тек 200 көрермен ғана тамашалаған.
2026 жылғы ҚПЛ-дың үш турынан кейін «Астана» жеті ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. «Ордабасы», «Оқжетпес» және «Қайрат» та жеті ұпайдан жинаған, бірақ олар доп айырмашылығы бойынша астаналық командадан артта қалып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или