Елена Рыбакинаның Майами турниріндегі табысы белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-ші орында) Майами ашық чемпионатында (АҚШ) нәтижелі өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosprots.kz.
Үшінші кезеңде Рыбакина украиналық Марта Костюкті (28-ші орында) жеңіп, 1/8 финалға шықты. Жарыстың осы кезеңіне жеткені үшін Елена кепілді 105 720 доллар және 120 рейтингтік ұпай алады.
Еске сала кетейік, биылғы Майами ашық чемпионатының жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или