Месси кезекті рет айып добынан гол соқты

Месси кезекті рет айып добынан гол соқты

«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Пеленің рекордынан асып түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Месси MLS чемпионатының «Нью-Йорк Сити» футбол клубына қарсы ойында (3-2) айып добынан гол соқты. Бұл аргентиналық шабуылшының мансабындағы айып добынан соққан 71-ші голы болды. Әйгілі Пеленің еншісінде 70 гол. Жуниньо Пернамбукано 77 голымен көш басында тұр. Тізімнің үшінші орынында 64 голымен «Әл-Наср» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду да бар.

Лионель Месси осы маусымда «Интер Майами» сапында алты ойын өткізіп, бес гол соқты.


Мадридтік дербиде бес гол соғылд(видео)

FIFA Series-2026: Намибия құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или