Қазақстан құрамасы «Үлкен дулыға» екі жүлде еншіледі
Қазақстандық дзюдошылар Грузияның Тбилиси қаласында өткен «Үлкен дулыға» турнирінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан бір алтын және бір қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде жетінші орын алды. Нұрқанат Серікбаев (66 келі) алтын медаль жеңіп алса, Талғат Орынбасар (60 келі) қола медаль иеленді.
Израиль құрамасы үш алтын, бір күміс және бір қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды. Екі күміс және үш қола медалі бар Ресей екінші орыннан көрінді. Франция екі алтын, бір күміс және екі қола жүлдені қоржынға салып, үздік үштікке кірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или