«Реал» мадридтік дербиде есе қайтарды
Испания Ла Лигасының 29-шы турындағы орталық матчта «Реал Мадрид» пен «Атлетико Мадрид» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті.
Алаң қожайындарының басымдығына қарамастан, Адемола Лукман 33-минутта есеп ашты. Винисиус Жуниор (52-ші) екінші таймның басында пенальтимен есепті теңестірді. Төрт минуттан кейін Федерико Вальверде «Реал Мадридтің» екінші голын соқса, Нахуэль Молина (67-ші) таразы басын теңестіріп кетті. Дегенмен Винисиус (72-ші) айып алаңының шетінен допты Хуан Муссоның қақпасының бұрышына бағыттап, командасына жеңіс сыйлады. Федерико Вальверде 77-минутта тікелей қызыл қағаз алды. Бірақ, қалған уақытта Алваро Арбелоа шәкірттері жеңісті есепті сақтап қалды.
Қоса кетейік, бірінші айналымдағы матчта «Атлетико» өз алаңында 5:2 есебімен ұтқан еді.
«Реал Мадридтің» қазір 69 ұпайы бар, көшбасшы «Барселонадан» төрт ұпайға артта, ал «Атлетико» 57 ұпаймен төртінші орында.
FIFA Series-2026: Намибия құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады