Елена Рыбакина Майамидегі екінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-ші орында) АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші кезеңде Рыбакина украиналық Марта Костюкпен (28-ші орында) кездесіп, қарсыласын қатарынан 6-3, 6-4 есебімен жеңді. Осылайша, Елена 1/8 финалға шықты.
Биылғы Майами турнирінің жүлде қоры 9 415 725 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 АҚШ доллары және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.
Қазақстандық теннисші АҚШ-та үлкен сенсация жасады
Қазақстандық теннисшілер арасындағы дербиде Рыбакина жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или