Данияр Елеусіновтің Zuffa Boxing-тегі дебюті кейінге қалды

Данияр Елеусіновтің Zuffa Boxing-тегі дебюті кейінге қалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (13-0) биыл сәуірде UFC басшысы Дана Уайт пен Сауд Арабиясының Бас ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки Аль-Шейхтің жаңа жобасы Zuffa Boxing-те дебют жасауы керек еді.

Бірақ BoxRec порталында жарияланған бокс кешінің кардында біздің боксшының есімі жоқ болып шықты. Мұның себебін анықтау үшін Prosports.kz тілшісі Елеусіновтің менеджері Зия Алиевке хабарласқан. 

«Оның жекпе-жегі кейінге қалды, шамамен маусым айында өтетін шығар. Қазір нақты уақыты расталғанын күтіп отырмыз. Кард толып қалды әрі бұл біз үшін оңды шешім болады деп ойладық: Данияр лагерьде көбірек уақыт өткізіп, көбірек спарринг жасайды. Бізге дәл осы қажет болып тұр, өйткені спарринг қарсылас табу оңай емес. Біз жаттығуды бастаған кезде Даниярдың денсаулығына байланысты қиындық туындады, сондықтан бұл жағдай бізге тиімді болмақ. Иван Дычконың келісімі күшінде, ол 10 мамырда өнер көрсетеді. Zuffa-ның жұмыс тәсілі басқаша. Жекпе-жектер қатарынан өтетіндіктен, олар BoxRec-те күні бұрын жариялана бермейді», - деді Алиев.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының өкілі бұған дейін біздің басылымға берген сұхбатында Елеусіновтің жекпе-жегі 5 сәуірге жоспарланғанын әрі келісімшартқа қол қойылғанын айтқан болатын.

Қазақ боксшысы нокаутпен алтынға қол жеткізді

Майк Тайсон Мейвезермен болатын жекпе-жек жайлы айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или