Қазақстандық боксшылар Еуропадағы турнирде 5 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Еуропадағы турнирде 5 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Черногорияның Будва қаласында өткен Montenegro Cup-2026 халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Салауат Тілекбай ел қоржынына алтын медаль салды. Томирис Мырзақұл (54 келі) күміс медаль жеңіп алды. Ал Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Анастасия Баязитова (70 келі) және Жибек Жарасқызы (80 келі) қола жүлдегер атанды. 

Турнир 15-21 наурыз аралығында өтті. Қазақстан атынан сегіз спортшы (екі ер, алты қыз боксшы) қатысты. 




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или