Абжапар соңғы минутта гол соғып, Қазақстанға жеңіс әкелді

Абжапар соңғы минутта гол соғып, Қазақстанға жеңіс әкелді

Қазақстан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Бішкекте өтіп жатқан халықаралық турнирде қатарынан екінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші матчта қазақстандықтар Қырғызстан құрамасымен кездесті. Ойын тартысты өтті, қауіпті сәттер аз болды.

Кездесудің тағдыры матч соңында шешілді. 81-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Темірлан Әбжапар пенальтиді дәл орындап, командасына 1:0 есебімен жеңіс сыйлады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы дәл осындай есеппен Өзбекстанды да жеңген еді.

Келесі матчты қазақстандықтар 24 наурыз күні Тәжікстан құрамасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или