18 жастағы қазақстандық теннисші ірі жетістікке жетті

18 жастағы қазақстандық теннисші ірі жетістікке жетті

Қазақстандық 18 жастағы теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ересектер арасындағы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда ол түркиялық Мерт Алкаяны (ATP №382) 7:5, 1:6, 7:5 есебімен жеңді.

Омарханов жарысты іріктеу кезеңінен бастап, бір апта ішінде қатарынан сегіз матчта жеңіске жетті. Сонымен қатар жұптық сында жартылай финалға дейін жетті.

Бұл оның ересектер деңгейіндегі екінші титулы болды. Бұған дейін ол 2025 жылдың қарашасында Тунисте өткен ITF M15 турнирінде де жеңімпаз атанған.

Теннисші 2025 жылы ересектер турына өткен. Алдағы аптада ол ATP рейтингінде өз мансабындағы ең жоғары көрсеткіш — шамамен 600-орынға көтеріледі.

Жасөспірімдер деңгейінде Омарханов Roland Garros турнирінде жұптық сында жартылай финалға, ал Australian Open-де жекелей сында ширек финалға дейін жеткен. Сонымен қатар әлемдік рейтингте төртінші орынға дейін көтерілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или