Евлоев жеңіске жетіп, титулға бір қадам жақындады
21 наурыз күні Лондонда өткен UFC Fight Night 270 турнирінде Мовсар Евлоев пен Лерон Мерфи арасындағы басты жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бес раундқа созылған айқаста Евлоев төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Алекс Волкановскиге негізгі үміткерлердің бірі атанды.
Турнир аяқталғаннан кейін UFC қосымша бонустар иелерін жариялады. «Кештің жекпе-жегі» атағы Мейсон Джонс пен Аксель Сола арасындағы кездесуге берілді, бұл айқаста Джонс ұпай санымен жеңді.
«Кештің үздік өнері» бонусын Иво Бараневски алды — ол Остен Лейнді 28 секундта нокаутпен жеңді. Сонымен қатар Шанель Дайер де мерзімінен бұрын жеңіске жеткені үшін 50 мың доллар көлемінде сыйақы алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или