ҚПЛ матчында «Алтай» мен «Каспий» ұпай бөлісті

ҚПЛ матчында «Алтай» мен «Каспий» ұпай бөлісті

ҚПЛ-дің үшінші туры аясында өскемендік «Алтай» мен ақтаулық «Каспий» арасындағы матч 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өтті. Ойынды Астанадан келген төреші Саят Қарабаев бастаған бригада басқарды.

Матч тартысты болғанымен, қауіпті сәттер аз болды. Ойын барысында «Алтай» сәл басым көрінгенімен, есеп ашуға мүмкіндік таба алмады.

Осы турдан кейін «Алтайдың» еншісінде екі ұпай бар, ал «Каспий» алғашқы ұпайына қол жеткізді. Екі команда да турнирлік кестенің төменгі бөлігінде орналасып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или