FIFA Series турнирінде Қазақстанның қарсыластары анықталды

FIFA Series турнирінде Қазақстанның қарсыластары анықталды

Халықаралық футбол федерациясы FIFA Қазақстан құрамасы қатысатын FIFA Series 2026 турниріндегі топ құрамына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚФФ мәліметінше, Кувейт құрамасы жарысқа қатысудан бас тартқаннан кейін Астанада Қазақстанмен бірге Намибия және Комор аралдары құрамалары ойнайды. Осы өзгерістерге байланысты турнир форматы да жаңартылды.

Матчтар кестесі:

25 наурыз, 17:00 — Қазақстан – Намибия

28 наурыз, 17:00 — Намибия – Комор аралдары

31 наурыз, 17:00 — Қазақстан – Комор аралдары

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл турнирге қабылдаушы елдердің бірі ретінде қатысады. Сонымен қатар ойындар Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстанда өтеді. Әйелдер арасындағы турнир Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или