Әшімов 11 сәуірде Nomad Fighting турнирінде жұдырықтасады

Әшімов 11 сәуірде Nomad Fighting турнирінде жұдырықтасады

Қазақстандық файтер Арман Әшімов келесі жекпе-жегін 11 сәуір күні Алматыда өтетін Nomad Fighting турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы тәжікстандық Дильшод Норкузиев болады. Қарсыластың кәсіби рекорды — 6 жеңіс және бір жеңіліс.

Бұл жекпе-жек Әшімов үшін Rizin Fighting Federation ұйымындағы өнер көрсеткеннен кейінгі алғашқы айқас болмақ. Ол 2024 жылдың наурызында жапон лигасында дебют жасап, Юсаку Накамураға төрешілер шешімімен жеңілген еді.

Ал Норкузиев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсанында Ташкентте өткен Octagon 83 турнирінде өткізіп, қарсыласын бірінші раундтың 40-секундында нокаутпен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или