Елена Рыбакина - Марта Костюк. Тікелей трансляция
Майами WTA-1000 турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина мен украиналық Марта Костюк үшінші кезеңде кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар бұған дейін бес ресми кездесу өткізген. Төрт мәрте Рыбакина басым түскен. Бір матч украиналық спортшының пайдасына аяқталды.
Бұл кездесудің жеңімпазы 1/8 финалда Ива Йович (АҚШ, 18) мен Талия Гибсон (Австралия) мен Наоми Осака (Жапония, 16) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина мен Марта Костюк арасындағы кездесу бүгін, 22 наурызда өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады деп жоспарланған. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көруге болады.
Қазақ теннисшісі Тунистегі турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші АҚШ-та үлкен сенсация жасады
Қазақстандық теннисшілер арасындағы дербиде Рыбакина жеңіске жетті