Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде үздік шықты
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада (Грекия) өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ерекешева жалпы есепте 109,700 ұпай жинады.
Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді - 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді - 103,450 ұпай.
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде жеңіске жетті
Қазақстан Түркиядағы әлем кубогы кезеңін бір медальмен аяқтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или