Волейбол: «Жетісудың» Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Волейбол: «Жетісудың» Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 26-30 сәуірде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпиондар лигасының ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Жарыстың өткен жылғы жеңімпазы «Жетісу» волейбол клубы (Талдықорған) жеребе қорытындысына сәйкес ширек финалда Қытайдың BAIC командасымен шеберлік байқасады. 

Талдықорғандықтар жартылай финалға өтсе, турнирдің тағы бір фавориті жапониялық немесе индонезиялық клубтың біреуімен кездеседі. 

Жеребеде жолы болған алаң иелері — оңтүстіккореялықтар ширек финалда кувейттік Salwa Al Sabah клубымен ойнайды. Оны ұтса, ирандық немесе таиландтық команданың қай жеңгенімен финал жолдамасын сарапқа салады.

Дода жеңімпазы мен финалисі 2026 жылғы клубтық әлем чемпионатына жолдама алады. 

Өткен жылы Филиппинде өткен Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» топ жарған болатын.

Содан кейін сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері Бразилияның Сан-Паулу қаласында клубтық әлем чемпионатында өнер көрсетті. 

Бүгін Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты төртінші үлкен туры жалғасын табады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или