Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты

Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты

ATP рейтингісінде 641-орынға тұрақтаған 18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF M15 сериялы жарыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Жартылай финалда Әмір германиялық Лукас Видеманнмен (ATP №839) кездесіп, тартысты өткен матчта жеңісті жұлып алды. Кездесу 6:4, 5:7, 7:6 (8:6) есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Ойын тағдыры шешуші үшінші сеттің тай-брейгінде шешілді.

Финалда Омарханов түркиялық Мерт Алкаямен (ATP №383) күш сынасады.

Айта кетейік, Әмірдің қоржынында ересектер арасындағы үш титул бар: ол бұған дейін Тунистегі турнирлердің жекелей және жұптық сынында үздік шықса, Испанияның Манакор қаласында жұптық сында топ жарған болатын.


Қазақстандық теннисші АҚШ-та үлкен сенсация жасады

Қазақстандық теннисшілер арасындағы дербиде Рыбакина жеңіске жетті

Александр Бублик «Мастерс» турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или