UFC: Мовсар Евлоев UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті
Ресейлік файтер Мовсар Евлоев (19-0) Англияның Лондон қаласында өткен UFC Fight Night 270 турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты кездесуінде Евлоев ағылшын Лерон Мерфимен (17-0-1) жұдырықтасты. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен ресейлік спортшы жеңіске жетті.
Бұл Евлоевтің кәсіби MMA-дағы жиырмасыншы жеңісі, ал Мерфидің алғашқы жеңілісі. UFC-де Мовсардың рекорды - 10-0. Мерфидің промоушендегі рекорды 9-1-1.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или