«Елімайдан» жеңілістен кейін Костовтың болашағы бұлыңғыр
«Ақтөбе» клубы «Елімайдан» 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін бас бапкер Николай Костовтың болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің мәліметінше, болгариялық маман командадан кетуі әбден мүмкін. Қазір оның қызметінен кету ықтималдығы өте жоғары деп бағаланып отыр.
Осы жеңілістен кейін «Ақтөбе» ҚПЛ турнирлік кестесінде үш турдан соң үш ұпаймен сегізінші орынға түсті.
Келесі турда, 5 сәуір күні, ақтөбелік команда «Ұлытаумен» кездеседі.
Бұған дейін «Ақтөбенің» бұрынғы қақпашысы Еуропаның топ-15 лигасының бір клубымен келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или