Муртазаев дубль жасап, «Елімай» сенсациялық жеңіске жетті
ҚПЛ-дің үшінші туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында семейлік «Елімайға» есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын басында алаң иелері жақсы бастады. 17-минутта Абат Шүшаеначев есеп ашып, «Ақтөбені» алға шығарды.
Алайда екінші таймда жағдай өзгерді. 59-минутта Плакка есепті теңестірді. Біраз уақыт ойын алаң ортасында өтті. 78-минутта Роман Муртазаев жылдам шабуыл ұйымдастырып, өз командасын алға шығарды — 1:2.
Осыдан кейін «Ақтөбе» ойынын жоғалтып алды. 85-минутта Айбар Жақсылықов Муртазаевтың пасынан кейін есепті 1:3-ке жеткізді. Көп ұзамай Муртазаев тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды — 1:4.
Осылайша «Ақтөбе» қатарынан екінші жеңілісіне ұшырап, 3 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында қалды. Ал «Елімай» маусымдағы алғашқы жеңісіне жетіп, 5 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или