Эрик Моралес ісі: экс-чемпион тергеу астында қалды

Эрик Моралес ісі: экс-чемпион тергеу астында қалды

Әлемнің төрт салмақ дәрежесінде чемпион болған мексикалық боксшы Эрик Моралес сексуалдық сипаттағы айыптаулар бойынша тергеу астына алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл іс бойынша соттың жабық отырысы өткен. Ақпаратқа сәйкес, Тихуанада өткен тыңдауда бұрынғы муниципалитет қызметкері спортшыны белгілі бір жағдай бойынша айыптаған. Іс жәбірленушінің жеке деректерін қорғау мақсатында жабық форматта қаралды.

Айыптаулар 2025 жылы Моралес қалалық қызметте жұмыс істеген кезде болған оқиғаға қатысты тағылып отыр. Оқиғадан кейін ол қызметінен шеттетілген.

Айта кетелік, боксшы өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарды.

Дастин Порье: Нейт Диазбен бокс жекпе-жегі өтпей қалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или