Каннаваро құраманы жасақтады: Хусанов пен Шомуродов шақырылды
Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро наурыз айындағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрама сапына негізгі жұлдыздар да енді. Атап айтқанда, Абдукодир Хусанов пен Элдор Шомуродов ұлттық құраманың жиынына қатысады.
Жиын барысында Өзбекстан құрамасы FIFA Series халықаралық турниріне дайындық жүргізеді.
Айта кетелік, Ташкентте өтетін турнирде команда Тринидад пен Тобаго, Венесуэла және Габон құрамаларымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или