«Оқжетпес» өз алаңында «Ұлытауды»жеңіп кетті

«Оқжетпес» өз алаңында «Ұлытауды»жеңіп кетті

Қазақстан Премьер-лигасының 3-туры аясында «Оқжетпес» өз алаңында «Ұлытауды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көкшетаулық клуб жеңісті ойынның соңғы секундтарында жұлып алды.

Есепті 18-минутта Нұрғайни Бурибаев ашты. Қонақтар бірінші таймның қосымша уақытында Хироки Хараданың голымен таразы басын теңестірді. Дегенмен, шешуші сәтте 90+3-минутта Жансұлтан Мұхамметханов жеңіс голын соғып, командасына үш ұпай сыйлады.

Бұл жеңістен кейін «Окжетпестің» ұпайы 7-ге жетіп, турнир кестесінде алдыңғы үштікке көтерілді. 

Айта кетелік, соның нәтижесінде алматылық «Қайрат» көшбасшылар қатарынан сырғып қалды. Ал «Ұлытау» 4 ұпаймен қалды.

ҚПЛ-дың әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или