Өз өнеріне көңілі толмаған спортшы бокспен қош айтысты
Ирландиялық танымал боксшы Майкл Конлан кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Белфастта өткен кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс тауып, маңызды титулдан айырылды.
Конлан WBC International белбеуі үшін өткен айқаста жеңіліп көрмеген қарсыласына жол берді. 10 раундқа созылған тартысты кездесу төрешілердің екіге жарылған шешімімен аяқталды.
Жекпе-жектен кейін боксшы өзінің өнеріне көңілі толмағанын айтып, спорттағы жолын аяқтайтынын жеткізді.
Айта кетелік, Конлан әуесқой бокста әлем және Еуропа чемпионы атанып, Олимпиада жүлдегері болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или